Қандай жағдайда ақша жинаудан гөрі кредит алған тиімді – қаржыгер кеңесі

447
0

Банктен қарызға алынған ақшаға да күнделікті мәселелерді шешуге болады. Бірақ банк өнімін таңдай білу керек. Бұл туралы Райффайзенбанктың кредиттер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Спиваков айтты, — деп жазады Sputnik.kz.

Адамдар ақшасын бір жерге салып қойса, я болмаса, жинап қойған ақшасын бұзғысы келмесе, кредит ала салатын болды. Соңғы кезде көбісі жиі осылай істейді және жыл сайын ондай адамдар көбейіп келеді», — деді қаржыгер «Прайм» агенттігіне.

Оның айтуынша, банк клиенттері тұтынушылық кредит емес, кредит картасын рәсімдейді. Картаның лимиті және ақшаны қайтару мерзімі қысқа болса да, ірі сомаға бір нәрсе сатып алуға жетіп жатады.

Оған қоса, кредит картасының жеңілдік кезеңі бар. Осы уақыт ішінде процент төлемей, қарызға алған ақшаны жаба салуға болады. Ал кейбір карталарда кешбэк қарастырылған. Сонда күнделікті сауда-саттықтан да ақша түседі.