ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУ ҚИЫН ЕМЕС

422
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкентте қоғамдық көлік саласын дамыту, оны цифрландыру бағытында бірқатар жобалар қолға алынды. Солардың бірі — «Ikolik» жобасы.

Аталған жоба бойынша тұрғындар Шымкентте жолаушылар тасымалы бағытында жүрген қоғамдық көліктердің бағытын бақылауға мүмкіндік алды. Әзірге жобаға 567 қоғамдық көліктің қозғалысын бақылау мүмкіндігі бар. Бұл бағытта жүрген қоғамдық көліктердің 70 пайызын құрайды. Олар №№10,103,103А,108,11,12,113,114,133,135,138,139,140,141,142,143,144,146,147,15,158,16,17,171,18,19,191,2,20,23,27,35,42,44,45,60,70,74,84,92,96 және т.б. бағыттағы маршруттар бойынша жүрген автобустар.
Бұл жолаушыларға уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізіп отыр. Аталған қосымша осыған дейін «Play Mаркет» пайдаланушылары үшін ғана қолжетімді болған болса, енді «App Store» жүйесіне де енгізілді.
Жобаның тағы бір ерекшелігі тұрғындардың қозғалысын бақылауға алған қоғамдық көлік бағытының қандай компанияға тиесілі екенін хабардар бола алатындығында болып отыр. Өз кезегінде бұл жолаушылар тасымалына қатысты қандай да бір шағым қалдыруда да ақпараттық бағыт-бағдар болып қала бермек.