Әрқайсысы 700 мың теңге берген: танымал блогердің үстінен арыз түсіп жатыр — видео
700 мың теңгеге курс сатып алып, Стамбулға аттанған бір топ қазақ әйелі көмек сұрайды, деп хабарлады «Алматы» телеарнасы.
Олар ұйымдастырушылар Түркиядан тауар алып-сату ережесін үйретпек түгілі, қол жұмсап, қоқан-лоққы көрсетеді деп шағымданып отыр.
Ақгүл Мұратқызы блогер Ұлдана Ерқасымның Стамбулда тиімді сауда жасау жолдарын үйрететін бір айлық курсын сатып алған. Құны – 700 мың теңге.
«Оны ешкімнің басына бермесін. Шетелге келіп, ақша беріп, сені ұрып, телефоныңды тартып алады. Сосын маған Ұлдананың мінезі жаман, сіз барып кешірім сұраңыз дейді. Мен не істерімді білмей, екі балам үшін кешірім сұраймын», – дейді зардап шегуші Ақгүл Мұратқызы.
Ұлдана Ерқасым сұхбат беруден бас тартты.
«Бір ай бойы менің панамда болып, базармен толық танысып, Стамбулға үйреніп, сіңіп кеткенше байланыста болатындай қамқорлық танытылады. Бірақ клиентті алдап, барлық кінәні бізге жапқаны қай сасқаны», — деп жазды блогер Instagram парақшасында.
Сондай-ақ ол жала жабылғанын айтып, моральдік өтемақы талап ететінін жазған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram