Енді екпе алмағандардың баласын тартып ала ма – БҒМ жауабы

568
0

Қазнетте вакцинаға қатысты жаңа жалған ақпарат таратылуда, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы ақпараттың авторы «вакцина салдырмаған қырсық қазақстандықтардан балаларын тартып алу жоспарланып отырғанын» атап өтті. Оның айтуынша, бұл 1 қарашада қабылданатын заңға байланысты.

Stopfake.kz Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап, бұл ақпарат жалған екенін жариялады.

«Мұндай заң жобасы жоқ. Мектептерде балаларға мәжбүрлеп вакцина егу жүргізілмейді. Мектеп балаға білім береді, әлеуметтенуге көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакциналау мәселесі жоқ. Қазақстандықтардан әлеуметтік желілерде резонанс тудыру үшін жекелеген азаматтар тарататын жалған ақпаратқа сенбеуіңізді сұраймыз», — деп нақтылады ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.