ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

98
0

Шымкентте жыл аяғына дейін «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 50 балалар ойын алаңшалары орнатылады, деп хабарлайды Uakit.kz.

Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ауданда ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Жалпы аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлерге 400 аулаға біріктірілген. 2014-2020 жылдар аралығында 291 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. Ал, 2021 жылы аудан аумағындағы 27 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Оның ішінде 14 аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында (277,9 млн.тг) абаттандырылды. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында (1,4 млрд.тг.) 50 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған болатын. Қазіргі таңға дейін 28 балалар ойын алаңшалары орнатылды, қалған 22 балалар ойын алаңшалары кесте бойынша ағымдағы жылы 15 қазанға дейін орнатылатын болады. 2023 жылы 30 балалар ойын алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады.

Сонымен қатар, 2021 жылы 31 ашық спорт алаңшасын орнатылды, оның ішінде демеуші «С.Тульбасовтың жеке қоры» есебінен 6 көпқабатты тұрғын үй аулаларында жаңадан ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізіліп халыққа пайдалануға берілді. 2022 жылы 9 спорт алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 191,7 млн.тг. орнату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары кесте бойынша биылғы жылдың 15 қазанына дейін жүргізілетін болады. Дәл осындай 7 спорт алаңшасы 2023 жылы орнатылады, аудан аумағы 100 пайыз қамтылатын болады.