Түркістан облысында танысын алдаған тұрғын ұсталды

248
0
Түркістан облысының полицейлері жер алып беремін деп танысын алдап келген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түлкібас ауданы ПБ-ға Алматы қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, сырттай танысы Түлкібас ауданынан 10 соттық жер алып беремін деп сеніміне кіріп, 2 500 000 теңгеге жуық ақшасын алғанын көрсеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Түлкібастық сақшылар хабар алысымен күдіктіні іздеуге бірден кірісті. Іздестіру кезінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды. Полицейлер істің ақ-қарасын ажырату мақсатында күдікті ер адамды Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен ұстап, ПБ-ға жеткізді.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бейтаныс адамдарға үлкен мөлшердегі ақшаны сеніп тапсырмау қажеттігін ескертеді.