ОҢТҮСТІКТЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТАН ЖЕР ТЕЛІМІ БӨЛІНДІ

180
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев индустриялды аймақтан кәсіпкерлерге жер телімдерін беру мақсатында жер көлемі 74,5 гектар болатын 10 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстіктің инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірде 11 индустриялды аймақ құрылған. Аталған индустриялды аймақтарда бүгінде құны 199,2 млрд. теңгені құрайтын 170 жоба іске асырылуда.
Сонымен қатар, бұл аймақта құны 8,6 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, Төлеби ауданындағы индустриялды аймақта күн электр станциясы құрылысы. Ол үшін аймақтан көлемі 30 гектар болатын жер учаскесі бөлінді. Сондай-ақ, қабырға тасын өндіру үшін Сарыағаш ауданынан 18,5 гектар, ал индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, шыны өңдейтін зауыт құрылысын салу, кеңсе жиһаздарын өндіру цехы үшін жалпы 26 гектар жер учаскесі пайдалануға берілді.