Жер үсті өткелі баршаға ыңғайлы болады

Жер үсті өткелі баршаға ыңғайлы болады

Темірлан тасжолы бойында «Жаңа шаһар» базары маңындағы жер үсті өткелі құрылысының жобасына өзгерістер енгізілді. Құрылыс жобасымен және жұмыс барысымен танысқан қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бірқатар өзгеріс енгізуді тапсырды. Оған сәйкес, енді көпір жобасында поликарбонаттан жасалған шатыр, мүгедек жандарға арналған лифттер пайда болды. Ал тірек бөліктері кеңейтіледі.

– Бұл өзгеріс болашақта көпірге эскалатор орнату үшін енгізілді, – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жол құрылысы секторының меңгерушісі Ерлан Есіркепов.

Айта кетейік, көпір құрылысы 2016 жылы басталды. Мердігер «ҚазНұрКонстракшн» ЖШС өкілдерінің сөзінше, тірек пен жаяу жүргіншілер сатысының іргетасы құйылған. Ал құрылыс толығымен 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде.

ПІКІР ЖАЗУ