ҚЫЗЫЛ КЕРУЕН МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Ауданымыздың экономикасында ауыл шаруашылығы саласының алар орыны ерекше.
Отырар ауданының диқандары ерте көктемнен бастап ала жаздай еңбектеніп еккен өнімдерін бұрын жүгері зауыттары жоқ кезінде қайда өткізерін білмей қиындықтарға тап болатын. Бүгінгі таңда ауданының индустриалды аймағынан қуаттылығы 25,0 мың тонналық екі бірлік «Жүгері кептіру, сақтау кешені» жұмыс жасайды.
Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сәйкес «Қызыл керуен» атты ауыл шаруашылық саласы өкілдерінің кәсіби мерекесі «Азия Агро» ЖШС-нің жүгері қабылдау кешенінде аталып өтті. Осы ашылған аймақта Талапты, Қоғам, Шілік, Қарғалы, Қарақоңыр және Ақтөбе ауыл округтерінің диқандары өз өнімдерін осы кешенге өткізді.
Биыл жүгеріден мол өнім аламыз деп жоспарлап отырған ауыл шаруалары өз кезегінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сай қабылданған бағдарламалардың арқасында дер кезінде жеңілдетілген несие, тыңайтқыш, жанар-жағармайға қол жеткізгендеріне шексіз ризашылықтарын білдіруде.
Жиын соңында шаруалар атынан сөз алған «Шәміл-Дүр Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив төрағасы, Нұр Құрмашұлы ауданымыздағы жүгері қабылдайтын зауыттың жұмысына ризашылығын білдіріп, шаруаларды күзгі мерекемен құттықтап, ақ батасын берді.

113

ПІКІР ЖАЗУ