Бейімді балаларды білімге баулу

180
0

Мектеп директоры Абилдаева Бейсенкүлдің басқаруымен өткізіліп отырған, іс-шарадан жас ұрпақты тәрбиелеу мен балалардың тілдік қорын молайту, ойлау  есте-сақтау қабілетін дамыту, табиғатты аялауға бейімдеу, жақсы мен жаманды ажырату, болашақ ұрпақты өмірге қалай бейімдеу керектігі жан-жақты көрсетілді. Семинарда арнайы  көрме ұйымдастырылып, онда балалардың өз қолдарынан жасалған ертегі кейіпкерлері, жан-жануарлар мен табиғат суреттері мүсіндері тамашаланды.
«Жұлдыз» тобының тәрбиешілері З.Сарымсакова мен А.Дүйсебаеваның «Орман жабайы жануарлар мекені» атты ашық сабағының әсері мол екендігі даусыз.
Ал, «Болашақ» тобының тәрбиешілері Ж.Корпалиева және Ұ.Құлжабаеваның «Табиғат- біздің досымыз» атты сабағында балалардың табиғатпен,туған жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктері зор екендігі аңғарылды.
Сонымен қатар, «Радуга»  тобының тәрбиешісі Г.Асилованың «Моя родина-Казахстан» атты сабағы да аса қызықты өтті. Асилованың 2 тілде жүргізген сабағында балалардың отанға деген сүйіспеншілігін,тақпақ жаттаудан, мақал-мәтелдер жасырудан көп ізденетіндіктері байқалды.
Ашық сабақтан кейін мектептің  акт залында «Балалар- өмірдің гүлі!» атты концерттік бағдарлама жалғасын тапты.
Семинардың өте жақсы деңгейде өткізілуі мен оның мәні, мағынасы зор екендігі анық.

Венера Қабылбекова.