КЕЛЕШЕКТЕ ТҮРКІСТАНҒА МАЛАЙЗИЯДАН КЕЛЕТІН МЕЙМАНДАР КӨБЕЙЕДІ

КЕЛЕШЕКТЕ ТҮРКІСТАНҒА МАЛАЙЗИЯДАН КЕЛЕТІН МЕЙМАНДАР КӨБЕЙЕДІ

Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Sky Way» қазақстандық туроператорының қолдауымен Малайзияның 12 жетекші туристік операторларына арналған ақпараттық тур өткізді, деп хабарлайды uakit.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің ішкі және сыртқы туризмін дамыту қолға алынған бұл шара аясында облыстың басты көрнекті нысандарына «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар мұндай ақпараттық турдың өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан Республикасына Малайзиядан келетін саяхатшылар санының көбеюіне серпін беретінін  жеткізуде.

uakit.kz

 

ПІКІР ЖАЗУ