МӘДЕНИ ШАРАЛАРДЫҢ МӘНІ ЗОР

Шымкентте жыл басынан бері 200-ге жуық мәдени көпшілік іс-шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар 8 ресми іс-шара болған. Олар  Халықаралық әйелдер күні, Наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Нұр-Сұлтан қаласы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасы Конституциясы күні сынды атаулы күндерде өткізілген.

Жыл аяғына дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесіне орай тағы үш ресми жиын атап өтілмек. Бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше іс-шаралар жүргізілетін болады.

Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева осылай деді.

Ағымдағы жылдың 10 айын қорытындылаған Ғалия Аликенқызы биыл мәдениет саласына бюджеттен 3 406 524,0 мың теңге қаржы қарастырылғанын, бүгінге дейін оның 2 326 773,0 мыңтеңгесі игерілгенін айта келе: «Ағымдағы жылдың 10 айында 5 кәсіби театрда 14 жаңа спектакль көрермен назарына ұсынылды. Мыңнан астам қойылым қойылып,  205 775 көрермен қамтылды. 6754 қайырымдылық іс-шара өткізілді. «Цирк» мекемесінің репертуары  3 жаңа бағдарламамен толығып, 72 қойылым қойылған. Келушілер саны 47 642 адамды құраған. Отыздан астам  гастрольдік қойылымда 15 454 көрермен қамтылған.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында, театрлар отандық, шетелдік шығармашылық ұжымдармен меморандум түзіп, гастрольдік сапарларға шықты. Бұл шара әлі де жалғасын табуда»,-деді.

Сондай-ақ Ғалия Аликенқызы  қаладағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде де ауқымды шаралар ұйымдастырылғанын атап өтті. Атап айтқанда,  жыл басынан бері аталған мұражайда 15 лекция оқылып, 8 тақырыптық, фото көрмелер мен, кинолекциялар болған. Жүздеген экскурсия мен тұрақты, көшпелі көрмелер өткізілген. Мұражайда барлығы16110 жәдігер бар. Олардың ішінде  жаңадан қосылған жәдігер саны – 166-ны құрайды.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше биыл Шымкенттегі «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында» көрме, экскурсия, дәрістер, ғалым-этнографтармен түрлі деңгейдегі шығармашылық кездесулер, танымдық кештер сынды 23 мәдени іс-шара өткізілген.  Көрме орталығында конференция, дөңгелек үстел мен жәрмеңке сынды 30 шара болып өткен.   Жыл басынан бері  Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағына келушілер саны 361113 адамды құраған. Хайуанаттар бағында құрылыс қарқын алған. Қазіргі таңда онда террариум, көгершіндер, варандар мен тасбақалар, сурикаттар, құстар, жыртқыш құстар, Жапон макакалар  мен гепард вольерінің құрылыстары салынуда.  

uakit.kz 

ПІКІР ЖАЗУ