ҚАЛАДА 105 КӨШЕ АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

215
0

Бүгінде Шымкенттегі көптеген көшелердің атауы жоқ. Сонымен қатар қалада атауын өзгертуді қажет ететін көшелер бар. Осыған орай қалаға қарасты аудан әкімдіктері көшелерге атау беру мәселесі бойынша келіп түскен өтініштер негізінде тұрғындармен жиналыс өткізіп, тиісті хаттамалар түзіп,  құжаттарды қалалық  мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына жолдауда. Осыған сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы жалпы саны-385 көшеге атау беру бойынша  тиісті ұсынысты заңнама талаптарына сәйкес, қалалық мәслихаттың қарауына ұсынған. Ол көшелердің 280-і  атауы жоқ көше болса, қалған 105-і атауын өзгертуді қажет етеді.

Бұл туралы Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін беру тоқтатылған. Алайда, жер-су, таулардың, табиғи көріністердің атауларын беру жұмыстары жүргізілуде.

uakit.kz