БИЫЛ «ЖАҢАТАЛАПҚА» СУ ЖЕТЕДІ

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов өзінің есеп беру жиынында тұрғындарға осылай деп уәде берді.

«Шымкенттегі «Жаңаталап» тұрғын алабы тұрғындарының ауыз суға жарымай жүргеніне 10 жыл толды. Осыншама уақыттан бері ондағы тұрғындар жер асты суларын пайдалануға мәжбүр. Біз сапалы ауыз суға мұқтажбыз. Біздің тұрғын алап орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қашан қосылады?»

Шымкент қаласынің әкімі Мұрат Әйтеновтың есебіне келген Әбдіғани Әшіров есімді тұрғын қала әкіміне осындай сауал жолдады. Өз кезегінде қала әкімі Мұрат Әйтенов ел алдында ол кісіге «Осы бағытта қаржы бөлінді. Жыл аяғына дейін «Жаңаталап» тұрғын алабының тұрғындары орталықтандырылған су жүйесіне қосылады»,- деп жауап берді.

Қала әкімі өз есебінде биыл Шымкентте қалалық бюджет есебінен  жалпы құны 4 518,6 млн. теңгеге  8 елді мекенді сумен қамтитын 2 магистралды су құбырының құрылысы жүргізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, шалғайдағы 5 елді мекенді сумен қамтитын магистралды су құбырының құрылысы жүргізілетінін айтты.

Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 елді мекеннің        63-і ауыз сумен  толық қамтылған, 10-ы жартылай, 8 елді мекен тұрғындар суды тасып ішеді.

uakit.kz

Сурет: ашық дереккөз

ПІКІР ЖАЗУ