ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ДЕНІ САУ СӘБИДІ ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ

Шымкентте коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді.

Анадан балаға инфекция берілмес үшін қалалық перзентханадағы білікті мамандардан құралған дәрігерлік топ жүкті әйелді жұқпалы аурулар ауруханасындағы базасында кесір тілігі арқылы босандырып алған. 24 жастағы әйел салмағы 3,5 келі қыз баласын дүниеге әкелді.

Жүкті әйелге сәтті ота жасап шыққан дәрігерлік топ құрамында қалалық перзентхананың акушер-гинекологтары Асанбаева Айгүл, Данияров Жарқынбек, реаниматолог Бейсенгирова Айжан, неонатолог дәрігері Қонысова Ұлжан, операциялық медбике Заидова Наргиза, анестезиолог Турганбекова Айнура және инфекциялық бақылау медбикесі Кирикбаева Айгүл сынды мамандар болды.

Жаңа туған баладан барлық қажетті талдаулар алынып, COVID-19 тесті теріс нәтиже көрсеткен. Дені сау болып туылған сәби бірден қалалық перзентханадағы арнайы дайындалған жеке палатаға ауыстырылған. Жаңа туған сәбиді перзентхана қызметкерлері тәулік бойы бақылауға алып, барынша мейірімін төгуде. Ал коранавирус инфекциясына шалдыққан анасы жұқпалы аурулар ауруханасында емін жалғастыруда.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ