ШЫМКЕНТ: САУДА ОРЫНДАРЫ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкенттегі сауда орындары қаланың бас санитариялық дәрігері бекіткен қаулыға сәйкес барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуі керек. Ал талаптардың орындалу барысын жергілікті әкімдіктерден құрылған мониторинг топтар қадағалап отырады.

Осы мақсатта бүгін Абай ауданынынан құрылған топ бірнеше сауда үйіне тексеру жүргізіп, індеттің алдын алу жолдарын түсіндірді. Мәселен, «Əл-Фараби» сауда үйі санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуде. Нысанның кіреберісінде талапқа сай дезковрик төселіп, санитайзер орнатылған. Сатушылар мен келушілердің бетперделік режимді сақтауы қамтамасыз етілген.

Мамандар барлық сауда нүктелерінің тиісті талаптарды сақтай отырып, жұмыс жүргізуіне кеңес береді. Олар талаптар сақталмаған жағдайда кәсіпорынның жұмысын тоқтатуғаа тура келетінін ескертуде.
                                                                                                                                                                                  

ПІКІР ЖАЗУ