Мүмкіндігі шектеулі балалар назардан тыс қалмақ емес

41
0

212Оңтүстік Қазақстан облысының жастар мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Жария-2050» Қоғамдық қоры мүмкіндігі шектеулі балалар үйінде болып, олардың тұрмыс-тіршіліктерімен, қарым-қабілеттерімен танысып қайтты. Айтсын-айтпасын бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі балалар проблемасы өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны анық.
Қандай дене кемістігі болса да мейлі соқыр, құлағы естімесін, не саңылау, не туғаннан ақыл есі кем болсын, жаңадан бір қиындыққа ұшырап (көлік апаттарынан) осындай дәрежеге тап болсын, оның өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана қоймай айналасындағы қоғаммен де ара қатынасын қиындатады. Әрине, сау ата-анадан сау бала дүниеге келеді деген сөзді естен шығармағанымыз жөн.
Елбасымыз өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі білім алуда оқу ақысын өз бетінше төлей алмайтын жастарға көмек беруге қатысты бірқатар шараларды жасауға шақырды. Осы бағытты басшылыққа алған, «Жария-2050» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында  мүмкіндігі шектеулі балалар үйлерін аралап, іс-шара өткізді. Осы іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесіп, олардың осы жерге қалай  тап болғанымен де танысты. Мүмкіндігі шектелген балалар, өз жасындағы ақыл-ойы дұрыс дамыған қатарластарына қарағанда, қабылдау қабілеттері, эмоция және мінез-құлқы, жүріс-тұрысы ерекше болып келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар-өмірдің қатал сынағына ұшыраған балалар. Олардың қай қайсысы болсын, көмекке зәру. Әрине, мұндай жағдай әркімнің басында тап болуы мүмкін, ал сол жағдайға түспеу үшін төмендегі нұсқаулармен таныс болғанымыз жөн:
1) Әр ата-ана өз баласын осындай қиын сәтке душар еткізбеу үшін жүкті болмай тұрып та, болған кезде де өз денсаулығына және болашақ ұрпағының денсаулығына жақсылап көңіл бөлсе, мұндай қам көңіл балалардың қатары азаяры анық.
2) Мекемелерге мамандардың жетіспеушілігі бар, бар болса да жалақының аздығына байланысты  деп жұмыс істемеуі мүмкін. Біз Президент Жолдауында атап көрсетілгендей, балаларымыздың денсаулықтарына зор көңіл бөлуімізден бөлек, олардың қазіргі заманға бейімделген болулары үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз.

 

Е.Сәрсенбин.