«Елбасы жүктеген міндеттің үдесінен шыға білу – парызымыз»
Альбина Елшиева, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы:
Облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен мемлекеттік бағдарламалары аясында және де Елбасымыз Н.Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындайтын басымдықтарды басшылыққа ала отырып, айтарлықтай жұмыстар атқаруда.
2012 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарды. Осы мақсатқа 1,0 млрд. теңгеге 11200 компьютер алынып, бұған дейін бір компьютерге 16 баладан келсе, қазіргі таңда 13 балаға дейін төмендеп, республиканың орташа көрсеткішінен жоғарылады. Алынған компьютерлік техникаларды оқушылардың тиімді пайдалануы үшін 1 бас компьютерге 10 компьютерлік жүйе біріктірілген. Бұл компьютерлер тек оқу процесі кезінде ғана пайдаланылады.
Сонымен бірге, облыстық бюджеттен білім мекемелеріне негізгі құрал жабдықтар (оның ішінде техникалық және кәсіптік білім мекемелеріне шеберханалар, оқу жабдықтар т.б.) алуға 931,3 млн теңге және 104 білім мекемемелерінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге 3908,7 млн.теңге бөлінді. Білім мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге облыс әкімдігі тарапынан соңғы жылдары аса мән беріліп отырғанын атап өткеніміз жөн болар.
2010 жылы мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 1-6 жастағы 41992 баланы, 3-6 жастағы 41492 баланы қамтитын 420 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеп, 30,4 пайызды құраған болатын.
2012 жылдың қорытындысымен 1128 мектепке дейінгі ұйымдарға 116371 бала қамтылып, қамту 61,3% құрады. Нәтижесінде, мемлекеттік бағдарлама көрсеткіші 0,5 %-ға артық орындалды.
Бүгінгі күні 115989 бала қамтылып, қамту пайызы 62,3%-ды құрап отыр. Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама индикаторына сәйкес балаларды қамтуды 65 пайызға жеткізу жоспарлануда.
2012 жылмен салыстырғанда биылғы жылы 2 мектепке және 4000 балаға артып, оқу жылында 1019 жалпы білім беретін мектепте 534195 оқушы білім алды.
Биылғы жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен 19,6 млрд. теңгеге 82 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 26 мектеп, 7 балабақша, 6 қосымша құрылыс, 2 кәсіптік колледж, 4 мектепке қайта құру жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.
Биылғы жылы облыста 37148 бітірушілерінің 21005-і ҰБТ тапсырды.
Облыстың орташа балы – 72,50 (2012 ж — 66,89) .
Облыста ең жоғары 125 балға М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназияның түлегі Аида Ысқақ қол жеткізді. Республика бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген оқушылардың саны — 7.
«Алтын белгіге» үміткер 1143 түлектің 335-сі яғни, 29,3 пайызы өз білімдерін дәлелдеді. Бұл өткен жылдан 97 «Алтын белгіге» артық. Мақтарал ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясынан 29;
М.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназиядан – 15;
Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернатынан – 10 «Алтын белгі» иегерлері шығып отырғанын атап өткеніміз жөн болар.
Өткен жылы ҰБТ нәтижелері төмен болуына байланысты және білім сапасын көтеру мақсатында аудан, қала әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары және облыстық білім басқармасы арасында МІНДЕТТЕМЕ ТҮЗІЛІП, оған 2013 жылы ҰБТ нәтижесін жоғарылату мәселелері қойылған.
Биылғы жылы ҰБТ қорытындысы өткен жылмен салыстырғанда жоғары болғанымен, 2 жыл қатарынан ҰБТ тапсырған оқушыларының 25 және одан жоғары пайызы шектік деңгейден өтпеген мектептер саны 63-ке жетіп отыр.
Жоғарыда көрсетілген 63 мектеп директорларының басшылық қызметтегі еңбек өтілі 1 жылдан көп 49 мектеп директорын және 4 ауданның білім бөлімінің басшысының атқарып отырған қызметіне сәйкестігін қарап, 10 күн ішінде кадрлық мәселені реттеу туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен селекторлық мәжілісте аудан, қала әкімдеріне тапсырылды.
2012-2013 жылдары мектеп оқушылары көптеген жетістіктерге жеткенін де атап өткеніміз жөн болар.
Республика көлеміндегі оқушылардың ең жоғары сайысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың нәтижесінде облыс оқушылары екі жыл қатарынан ІІІ орынды және «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды.
Бұл сайыс 1998 жылдан бері өткізілуде. Бірақ біздің облыстың түлектері 2012 жылы бірінші рет жоғары жетістікке қол жеткізіп, 2013 жылы да жүлделі орынды сақтап қалды.
Сондай-ақ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ы.Алтынсарин — 2012» атты республикалық пәндік олимпиадада біздің облыстан қатысқан 6 оқушымыз жеңімпаз болып, грант игері атанды. Республика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бірінші орынды иеленді.
Қазақстан Республикасы мектеп және колледж оқушыларының VI жазғы Спартакиадасында республика бойынша 9 мыңға жуық оқушы спорттың 39 түрінен додаға түсіп, нәтижесінде 13 алтын, 6 күміс, 5 қола медальдарын жеңіп алған Оңтүстік Қазақстан облысы 1 орынды иеленді.
Мектеп оқушыларының бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру үшін білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстық көлемде ауқымды іс шаралар өткізілуде. Оларға облыс әкімінің тікелей ықпал етуімен облыстық бюджеттен алғаш рет 2012 жылы және 2013 жылдары (әрбір 5 іс -шараға 25 млн.) қаржы бөлініп, оған облыс мектептерінен 7000-нан аса балалар тартылды.
Сонымен қатар, облыс бойынша мектептен тыс мекемелер саны 2011 жылы 41 болса, аудан, қала әкімдеріне қозғау салудың арқасында бір жарым жылда, яғни 2013 жылы олардың саны 51-ге жетіп, балаларды қамту пайызы (35271) артты.
Биылғы жаз мезгілінде қала сыртындағы лагерлерге (19 сауықтыру лагерьі) 3,5% ал жалпы демалыспен және сауықтырумен балалардың 80,3 %-ы қамтылады деп жоспарлануда.
Басқарма аудан, қала әкімдеріне балаларды жазғы сауықтыру лагерьлерімен қамтуды күшейту мақсатында аудан, қаладағы жекеменшік, пайдаланусыз тұрған лагерьлерді мемлекет меншігіне қайтаруды талап етіп отыр.
Сондай-ақ, жазғы демалысты ұйымдастыруда қойылған талаптар нәтижесінде осы жылы балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуына жергілікті бюджеттен жалпы 163 млн 990 мың теңге бөлінді.
Облыс бойынша 2012 жылы 166 жалпы білім беретін мектептерде бейнебақылау орнатылса, 2013 жылдың 5 айында олардың саны 271 болып, 105-ке артып отыр.
Бүгінгі күні білім сапасын көтеру бойынша қойылып отырған талап жоғары. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, облыс әкімдігі мен министрлік арасында «Оңтүстік Қазақстан облысының орта білім саласын дамытудың кешенді іс-шаралары» әзірленіп, Білім және ғылым министрінің қол қоюына ұсынылды. Онда нақты жоспарлар мен межелер көрсетілген. Атап айтқанда, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын одан әрі жақсарту, біліктілік талаптары жоғары педагог кадрлардың айлық-жалақысына үстеме төлеу және т.б.
Сонымен қатар, Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жұмыс сапасын бағалау бойынша облыстық білім басқармасында арнайы РЕЙТИНГТІК КӨРСЕТКІШ жасалып, оған аудан, қалалардағы мектепке дейінгі ұйымдарға қамту, жазғы сауықтыру, құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары бойынша жүргізілген жұмыстарға тиісті баға беріліп, сала қызметкерлері арасында жарияланып отырады.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар мен межеленген индикаторларға қол жеткізу мақсатында аудан, қала әкімдерімен, білім бөлімдерінің басшылары және білім басқармасының арасында арнайы МІНДЕТТЕМЕ түзілді.