Болашақтың іргесін бекіту-бәрімізге қатысты

197
0

2471Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы Тәуелсіз Қазақстан дамуының қорытындыларын шығарып, еліміздің таяу онжылдықтағы ауқымды міндеттерін белгілеп берді.

Елбасының әр жылғы Жолдауының өзіндік ерекшеліктері де, көпшілік асыға күтетін жаңалығы да болады. Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын басым бағыттар бізге әркез бағдар болып, Жолдау жүктеген міндеттің үдесінен шығу жолдарын қарастырып келеміз. Президенттің пікірінше, Қазақстанның мемлекеттік дамуының 2030 жылға дейінгі алғашқы ұлттық стратегиясының бірқатар бағыттары мерзімінен бұрын орындалды. Экономика, саяси жүйе, ұлттық білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласы жетістіктерге жетіп, жаңғыртылыпты. Елбасы белгіленген саяси бағыты елімізге дамыған елдермен толыққанды серіктес болуға, тұрақты көпұлтты мемлекеттік ретінде танымал болуға мүмкіндік береді.
«Бізге елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту керек . ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп,бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жана технологияларды  таңдап алуға көмектесуі тиіс. Біз – жас  ұлтпыз және бұл біздің қолымыздан келеді»,-деп атап көрсетті Елбасымыз. Бұл дегеніміз бүгінгі жастарды  жаңашылдыққа баулып,ғылыммен,техникамен жұмыс жүргізуді, дамыған елдердің көшінен кейін қалмауға шақырған көрегендігі деп бағалаймыз. Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз.
Президент еліміздің мектепке дейінгі білім беру жүйесі жаңа әдіске көшу керектігін осы жолы да айтып, бұл тұрғыда жаңа міндеттер жүктеді. Өз бастамасымен құрылған «Балапан» бағдарламасын елдегі демографиялық өсімге байланысты 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылдап, Үкімет пен әкімдердің алдында балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100 пайыз қамтуға қол жеткізу міндетін қойды.
Жолдаудың барлық тараулары мемлекеттің мығым мүмкіншілігін айқын көрсетіп, нысана еткен нақты жетістіктерге жетелер түзу жолды нұсқап отыр. Ол нысана – жаңа әлемде дамыған жаңарған Қазақ елі. Мемлекеттік негізді қалыптастыратын Жолдаудан туындайтын басты мәселе, болашақтың іргесін бекіту – бәрімізге де қатысты екендігі. Сондықтан, Елбасының Жолдауымен қанаттанып, алдағы күндерге үлкен үміт артамыз. «Мың өліп, мың тірілген» Қазақ елі үшін бұдан артық қандай бақыт пен табыс болмақ?!

Ербол Ақтаев, Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.