Жармаханға жаңа қызмет ұсынылмақ па?

366
0

66666Пролетариаттың ұлы көсемдері сонау ғасырларда «Еуропаны комунизм елесі кезіп жүр» деп сәуегейлік айтқан еді. Комунизм болмаса да, социализм дәурені дүниеде ғасырға жақын салтанат құрды. Соған қарағанда болжам жасау аясында шындықтың да бір елесі бар-ау деп ойлайсың.

Қазақстанның оппозиция серкелерінің бірі Жармахан Тұяқбай жөнінде қазір елде бір әуез әңгіме кезіп жүр. «Жақында өзінің оппозиционер қатарластарынан ат құйрығын мүлдем кесісіп, Тұяқбай бүгінгі биліктің ордасына қарай қоныс аудармақшы, оған жақсы бір мемлекеттік қызмет берілгелі жатқан секілді» деген жарнамасыз «жағымды» әңгіме әр жер-әр жерден бой көрсетіп, қалың елдің құлағын елеңдетіп жүр. Бір кездері биліктің үлкен қазанының шөмішін ұстап, елдің бас прокуроры, МТК-ның төрағасы, Парламент Мәжілісінің басшысы қызметтерін артында адыра қалдырып, қарсы топтың көшін бастаған Ж.Тұяқбайға енді қандай қызмет, қандай жоғары лауазым ұсынылар екен? Рас-өтірігін ешкім анықтай алмайтын осы бір қаулаған әңгіме қалың елдің құлағын елеңдетіп отыр. Шынында да, солай бола қалса, әй бір қызық болар еді, ә?

«Уақыт»