Іскер азаматтар қоғамға қажет пе?

195
0

Бір кездері арыстықтар қала басшылығына Сейіт Ертай келген кезде кәдімгідей қуанғаны есімізде. «Басшыға енді жа
ритын болдық» деп.

Осы пікірді Арыс қаласының әкімі болып тағайындалған Сейіт мырза өзі қызмет атқарған төрт жылдан астам уақыт ішінде толығымен ақтап, көптің сенімінен шықты. Арыстың ажары кірді, елдің әл-ауқаты артты. Көптеген жаңа нысандар бой көтерді, көшелері көріктеніп, ауылдары ажарланды. Кәсіпкерлік жолға қойылды. Басқаны айтпағанның өзінде облыс өңірінде ең үлкен 12 гектарлық дендросаябақты да осы Сейіт Ертай Арысқа салдырды. Биылғы жылғы қыркүйектің басында тоғыз жолдың торабы Арыс қаласының 60 жылдығын тойлау қарсаңында сол Сейіт әкім беймәлім жағдайда қызметтен кетті. Өзінің төрт жылдық атқарған жұмысының, қаласының үлкен мерекесінің шыжығына көнгенмен, қызығын көрмегендігіне сыртта жүріп біз де қынжылдық.

Іскер басшының соншама еңбегінің атаусыз қалып, бұрынғы әкім Б.Атамқұловқа қай жағынан жақпағандығын, немесе нені бүлдіріп қойғандығы жұмбақ күйде қалды. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген сөзді қазекең осындай азаматтарын аңсаған кезде айтқан шығар. Қазір көптің назарынан, биліктің қаперінен қалыстау қалған Сейіт Ертай секілді білгір басшылардың потенциялын пайдаланғаннан билік ұтпаса, ешқашан ұтылмасы айқын. Табандылар тасада қалып, жылтырағандар жағаға шыққан заман болып тұр-ау, өзі осы кез!

Төрехан НАУРЫЗБАЙҰЛЫ,
Еңбек ардагері.