БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ АЛЛЕЯҒА АЙНАЛАДЫ

607
0

Қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан «Бадам аллеясының» құрылысымен танысты. Аллея Бадам өзенінің «Қазығұрт» елді мекеніндегі (бұрынғы Карл Маркс бөлігі) бөлігі аумағынан салынады.

Нысан құрылысы ел егемендігінің 30 жылдығына тарту ретінде жеке инвестордың есебінен жүргізіледі. Аллея 4 негіз бойынша бой көтереді. Атап айтқанда жалпы аумағы — 20х24 шаршы метр болатын спорт алаңшасы пайда болады. Сонымен қатар 2 гектар аумақта «Ғашықтар» аллеясы салынады. Бұдан бөлек, Бадам өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, демалыс аумағына айналады. Оның ұзындығы 4 шақырымды қамтиды. Сондай-ақ, «Балалар» алаңшасы да қамтамасыз етіледі.
Шілде айынан бастап «Қазығұрт» елді мекенінің (бұрынғы Карл Маркс бөлігі) тұрғындарына аллеяның алғашқы нысандары қызмет көрсете бастайды. Аллея 2 жыл уақыт шамасында толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.