БИЫЛ КӘРІЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 60% ҒА ЖЕТЕДІ
Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген болса, биыл кәріз жүйесіне қосылған елдімекен саны 6-ға артады. Осылайша қаланың кәрізбен қамтылу көрсеткіші 54 пайыздан, 60 пайызға жететін болады.
Бүгінде бұл көрсеткішті арттыру мақсатында барлығы 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда 2 магистралды кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы және 13 елді мекенде ішкі орамдық кәріз құбырлары тартылуда.
Жыл соңына дейін Арғынбеков, Тұран магистралды кәріз коллекторларының және Достық кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге, Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік – Шығыс, Хлопзавод, Жұлдыз тұрғын алабындағы ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы аяқталып, осы 6 елді мекен орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады.
Жасыратыны жоқ, кәріз жүйесімен қамту ісіне қыруар қаржы қажет. Құрылыс жұмыстары да ұзақ уақытты талап етеді. Өз кезегінде, үшінші мегаполисте атқарылып жатқан жұмыстар қыруар. Алдағы уақытта аталған инженерлік инфрақұрылым мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі. Қазіргі уақытта қалаға қарасты шағынаудандар мен елді мекендердегі өзекті мәселелер шешімін тауып келе жатыр. Кәріз жүйесімен қамту мақсатында қыруар қаржы бөлініп, жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатыр. 2025 жылға дейін қаладағы кәрі жүйесіне қатысты түйткілді түйіндердің біразы шешімін табады. Құрылыс жұмыстары қыруар қаржымен қатар уақытты да талап етеді. Ал атқарылған жұмыстардың сапасы жергілікті әкімдіктің тікелей бақылауында екенін де айрықша айта кеткен дұрыс. Қала әкімінің өзі ел-елге барып, жасалған жұмыстармен жүйелі түрде танысып келе жатыр. Ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар толық аяқталса, жоғарыда атап өткеніміздей, қаладағы кәрізбен қамту көрсеткіші 60 пайыздан асады. Саладағы жұмыс қарқыны болашақта да арта бермек.