ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ «FITNESS PARK KZ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Адамдардың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты. Бұл ретте спорттың да алатын орыны ерекше. Осыған байланысты Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған біраз жобалар іске асып келеді. Солардың бірі жақында «Fitness park kz» жобасы іске қосылды.
Жоба аясында спорттың барлық түрі қамтылған. Бір жақсысы оған тегін қатысып, түрлі жаттығулармен айналысуға болады. Аталмыш жоба қазан айының соңына дейін жалғасады. Спорттық жобаны өткізуге Олар — Металлург, Орталық, Жеңіс және дедросаябағы таңдалынып алынды. Жаттығуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Жастарға қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған.
Айта кету керек, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасының үлесі жыл сайын артып келеді. Мәселен Әл-Фараби ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 4 есеге артқан. Ауданды өткен жылы 14 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биыл 59 жобаға қаржы бөлінді. 50 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 ашық спорт алаңшасы салынбақ. Бұл жұмыстарды тұрғындар дауыс беру арқылы таңдаған болатын. 2023 жылы 32 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 7 ашық спорт алаңшасы салынса, 100 пайыздық меже орындалады.
Жалпы өңірімізде спорт саласы айрықша қарқынмен дамып келе жатыр. Бүгінде шымкенттік спортшылар ел чемпионаттары мен халықаралық деңгейде өтетін додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көрініп келе жатыр. Мұның өзі атқарылған жемісті жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Аталған салаға алдағы уақытта да баса назар аударыла бермек. Демек саладағы жеңісті жол да әрі қарай жалғасып, ел қоржынына түсер алтын медальдар көбейе береді.