Ғ.ІЛИЯЕВ КӨШЕСІ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

125
0
Шымкент қаласының әкімімен бекітілген бас жоспарға сәйкес, Ғ.Ілияев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, жолдың үстінгі қабатын тегістеу, нығыздау,асфальт жабындысы салу жұмыстары атқарылып, жаяу жүргіншілер жолы да салынды. Жалпы, жолдың ұзындығы 2,7 шақырымды құрайды.
Сонымен қатар, Ғ.Ілияев көшесіне веложол салынған. Оның ұзындығы — 1990 метр, ал аралығы Д.Қонаев даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейін. Айта кетейік, жол құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, ағымдағы жылы шілде айында қабылданып, пайдалануға берілді.

Шымкентте 2021 жылы 309,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, осы жылы жалпы 361,1 шақырымды құрайтын 190 нысанға жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде құрылыс және қайта құру жұмыстары 67,4 шақырым жолға жүргізіледі, күрделі жөндеуден 19,3 шақырым жол, орташа жөндеуден 261,1 шақырым, 122,7 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жыл соңына дейін. 1-жартыжылдық қорытындысымен 91 нысан немесе 188,3 шақырым көшеде жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 19,3 шақырым күрделі жөндеу, 169 шақырым орташа жөндеу, 10 шақырым магистралды көше, 159 шақырым ішкі орам көшелері. Жыл соңына дейінгі жоспарлы жұмыстардың аяқталуы нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға жететін болады.

Оның ішінен тарқатар болсақ, Әл-Фараби ауданындағы 279,5 шақырым жолға асфальт-бетон төселген болса, 19,6 шақырымы шағал тас. Өткен жылы 5 көшеге асфальт, 13 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жылғы жоспар бойынша 16,9 шақырымды құрайтын 30 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі де, 33 көшеге шағал тас төселеді. 2023-2024 жылдарға 48 көшені асфальттауға ұсыныс берілген. Осылайша осы жылы сапалы жолдар үлесі 88 пайызға, 2024 жылы 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.