БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС

140
0
Шымкент қаласында 2 күнге созылған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, сондай-ақ «Деловой Казахстан» халықаралық ақпараттық агенттік директоры А.Қоржұмбаев, Factcheck.kz ақпараттық сайтының тілшісі Ж.Тілеухан, мобилограф А. Жақсыбаев, ҚХА журналистер клубының мүшелері, блогерлер, «Уйғур Авази», «ДАЗ», «Коре ильбо» т.б этноБАҚ өкілдері, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстары және Астана қаласының «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен баспасөз қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – консультативтік-сарапшылық платформада тұрақты түрде қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту және бұл бағытта қалам тартатын БАҚ өкілдері, блогерлер мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру, ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруда практикалық дағдылар мен құралдарына үйрету, баспасөз қызметкерлерінің, Журналистер клубы мүшелерінің біліктілігін арттыру болып табылады.
Пікірталас және пікір алмасу форматында өткен отырыс барысында БАҚ пен әлеуметтік желілерде этносаралық қатынастар мәселелерін дұрыс ұсыну және жариялау бағытындағы ақпараттық жобалар, интернет кеңістігіндегі ақпараттық контентті ілгерілетудің тиімді құралдары талқыланды. Отырыс соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.
Жалпы мұндай шаралар саланың дамуына тың серпін береді. Кәсіби біліктіліктің артуына ықпал етер мұндай көшпелі отырыстар болашақта да жалғасын табады.