ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗДІ

106
0

Шымкенттік дәрігерлер Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күніне орай Ашық есік күні өткізді, деп хабарлайды  Uakit.kz.

Бүгін Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығына қарасты емханасында Ашық есік күні шарасы ұйымдастырылуда.

Дүниежүзілік Психикалық денсаулық күніне орай ұйымдастырылған шарада үшінші мегаполис тұрғындарына терапевт, психолог мамандары кеңес беріп, медициналық көмек көрсетіп, келушілердің қал жағдайын білді.

Ашық есік күнінде білікті мамандар келген емделушілерді емханда сағат 17:00-ге дейін қабылдады.

Психикалық денсаулық — бұл адам баласының өз қабілетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өмір қиыншылықтарына төтеп бере алатын, өнімді еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндігі бар жайлы жағдайы.

Психикалық денсаулықты сақтау үшін ең алдымен, жасөспірімдер және олармен жұмыс істейтін кәсіби мамандар, сондай-ақ, халық арасында жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтудың маңыздылығы туралы білім деңгейін арттыру керек.

Психикалық денсаулықты қорғау — құрамына психикалық денсаулықты нығайту, психиканың бұзылуын ескерту, мінез-құлқы мен психикасы бұзылған адамдардың стигматизациясын төмендету бойынша шаралар бар көп бағытты стратегия болып табылады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекет тарапынан медициналық базаны жақсарту мақсатында ел бюджетінен қыруар қаржы бөлінуде, есесіне медицина саласы нәтижелі көрсетшкітерге қол жеткізуде. Одан бөлек, білікті мамандарды даярлап, біліктіліктерін арттыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде шетелде жасалатын оталар қаламыздың ауруханаларында жасалуда.

Жалпы медицина кадрларын оқытуды 3 деңгейде жүргізу жоспарланып отыр: шетелдік, республикалық, жергілікті. Шетелдік оқу-жаттығулар қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету арқылы арнайы мастер-класс ретінде ұйымдастырылатын болады. Бұл бағытта Израиль, Түркия, Германия клиникаларынан халықаралық деңгейдегі жетекші мамандар шақырылады.