ШҰҒЫЛ НӨМІРІНЕ ХАБАРЛАСҚАНДА ШҰҒЫЛ КӨМЕК АЛУ ҮШІН…

128
0

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы өрт кезінде қызметкерлердің жұмыс тәртібі туралы төмендегідей ескерту жасайды,-деп хабарлайды uakit.kz.

Түтінді, температураның көтерілуін, жану иісін немесе өрттің басқа белгілерін алғаш байқаған қызметкер өртке қарсы қызметтің 101 телефонына немесе 112 бірыңғай жедел  телефон нөміріне хабарласуы қажет. Дүрбелеңсіз, дауысыңызды көтермей, белгіленген тәртіппен мына сұрақтарға нақты жауап болатын мәліметтерді айту қажет. Бірінші, мекенжай туралы нақты ақпарат. Екінші, өрт болып жер. Үшінші, адамдарға қауіптілік дәрежесі. Төртінші аты-жөні. Басқа қызметкерлерге қауіп туралы хабарлау, оқиға туралы жоғары тұрған басшыға хабарлау, сондай-ақ өрт туралы қауіпсіздік бекетіне хабарлау үшін қолмен өрт дабылдарын пайдалану қажет.

Қатты түтін шыққан бөлмеде және де баспалдақ торларында дымқыл шүберекпен немесе орамалмен еңкейе отырып қозғалу қажет. Жеделсатыларды (лифт) пайдалануға қатаң тыйым салынады. Бөлмеден шыққан кезде оттегінің отқа түсуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабу қажет.

Маңызды ақпарат!

Төтенше жағдайлар қызметінің үй-жайға кіруін жеңілдету үшін есіктерді құлыптауға тыйым салынады.

Адамдардың өрт орнынан қауіпсіз жерге эвакуациялануын өрт сөндіру сатылары арқылы жүзеге асыру қажет.

Өз кезегінде Қазақсан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 112 нөмірі жедел әрекет ету қызметтерін шақырудың (өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек) бірыңғай нөмірі болып табылатынын ескертеді.

Жыл басынан бері  112 шұғыл нөміріне 4 901 489 қоңырау түскен. Мұны ведомстваның Дағдарыс жағдайларда басқару орталығы мәлімдейді. Оның ішінде 461 701 қоңырау жедел ден қоюды талап ететін төтенше жағдай министрлігінің желісі бойынша өрт, су тасқыны, қар кептелісі, төтенше жағдайға тап болған адамдардан  түсті. Әр жағдайда оларға көмек көрсетіліп, ақпарат әрекет үшін құзыретті қызметтерге берілді.

Сонымен қатар, «101» пульті — өрт сөндіру қызметінің телефонына табиғи, техногендік және тұрмыстық өрт бойынша 412 329 қоңырау түсті. Диспетчердің пультіне жану туралы уақтылы хабарлау кезінде өрттің дамуына жол бермеу және таралуын болдырмау мүмкіндігі бірнеше есе артатынын атап өткен жөн. Бұл мәселе жылыту маусымы қарсаңында өзекті болып отыр. Статистикаға сәйкес тұрмыстық өрттер саны артып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, жедел қызметтердің телефондары (112, 101) келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу процесінің объективтілігі мен жетілдіру үшін нөмірді анықтау бағдарламасымен және сөйлеуді жазу жүйесімен жабдықталған.