ҚАРАТАУ АУДАНЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛУДА

120
0
Шымкент қаласындағы Қаратау ауданында кәріз жүйерлерінің құрылыс жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Uakit.kz. 
Бұл туралы Қаратау ауданың әкімі Рахымберді Мулкеманов өзінің 9 айда атқарған жұмыстары бойынша тұрғындар алдында берген есебінде баяндады.
Қаратау ауданының аумағын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында былтыр «Мирас» және “Тұран” ішкі магистралы бойынша 2 жобаның жұмысы басталған болатын. Биыл бұл тізімге тағы үш елді мекен қосылды, яғни «Асар-2», «Тассай», «Достық» елді мекендері. Бүгінгі таңда аудан көлемінде жалпы 5 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан көлемінде кәрізбен қамту көрсеткіші 42,7 %-ды құрап отыр.
«2023 жылы ішкі жүйелер бойынша «Тұран», «Тассай», «Асар-2», «Нұртас», «Достық», «Ақжайық» елдімекендерінде 6 жобаның құрылысын аяқтап, кәріз жүйесімен қамту көлемін 57,9 %-ға дейін жоғарылату жоспарлануда. 2025 жылға дейін 65 % кәріз жүйесімен қамту көзделуде,-деді аудан басшысы Р. Мулкеманов
Бұл үшінші мегаполистің басшысы Мұрат Әйтеновтың өткізген тұрғындармен кезекті есепті кездесуінде айтылды.

Айта кету керек, қазіргі таңда Шымкент қаласы 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Биыл бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу жоспарлануда. Осыған байланысты ағымдағы жылы қала аумағында 20 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған. Жыл соңына дейін Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады. Бұл дегеніміз 64 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Достық КНС (қайта құру), 74 га құрайтын Бозарық шағын ауданының магистралдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмысы аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу жоспарға қойылған.