КӨШЕЛЕРДІ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСАДЫ
Шымкент қаласы, Қаратау ауданында 547,1 шақырым жолға асфальт төселіп, ил игілігіне берілген, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты жалпы жолдардың ұзындығы 1 110 шақырымды құрайды. Оның 41,7 пайызы асфальтталған болса, 48,6 пайызына шағал тас төселген, ал қалған 9,7 пайызы топырақ жол.
Биыл 83,6 шақырымды құрайтын 89 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанатын болады. Аудан әкімі Р. Мулкеманов бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің халықпен есепті кездесуіндегі баянатта осылай деп мәлімдеді.
“Жыл басынан бері 40 шақырымды құрайтын 43 көшеге шағал тас, 547,1 шақырым жолға асфальт жабыны төселді. Аудан көлемінде көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді. 2025 жылға дейін тағы 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге құрылыс жұмыстарын жүргізіп, асфальттау жоспарлануда”,-деді аудан әкімі.
Естеріңізге салайық, былтыр бұл аудан бойынша 56,8 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанды. 29,2 шақырымды құрайтын 34 көшеге шағалтас төселді. Сонымен қатар 91 көше жарықтандырылған болатын.
2022 жылы жарықтандырылған көшелер саны 130-ға жетті. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Айта кету керек, ағымдағы жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Оның ішінде: 2 нысан жолайрықтың құрылысы болса, 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы, 5 нысанда қайта құру жұмыстары, 3 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары.
Сондапй-ақ, қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанда немесе 308 көшеге жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 3 нысанды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жоспарланған 308 көшенің 232 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды.
Сондапй-ақ, қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанда немесе 308 көшеге жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 3 нысанды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жоспарланған 308 көшенің 232 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды.