ӨРТ ӨЗІМБІЛЕРМЕНДІКТІ КЕШІРМЕЙДІ

91
0

Қазіргі таңда Түркістан қаласын газдандыру жұмысы  жүйелу жүруде. Облыс орталығында 40 мыңнан астам абонентке газ жеткізілген. Соған қарамастан үйлеріне газ қостырмай отырған абоненттер бар. Осыған байланысты Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға төмендегідей ескерту жасайды.

Халықтың өз бетінше үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуіне тыйым салынады. Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс. Тиісінше ұйымдардың келісімінсіз, газ аспаптары орнатылған орынжайды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға мүлдем болмйады. Бұдан бөлек, газ аспаптары орнатылған орынжайларда ұйықтау мен демалу үшін қолдануға, газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі), түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге, екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға тыйым салынады.

Сонымен қатар желдету арналарын бітеп тастауға, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеп немесе сылап тастауға болмайды.

Маңызды ақпарат!

Газды тұрмыста қолдану ережелерін бұзған заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.