АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫСТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

102
0
Шымкентте 25-қазан Республика мерекесі қарасаңында ардагерлер арасында спорт ойындары түрлерінен жарыс өтті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауындағы денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы: салауатты өмір салты мен адам капиталын дамытуға басымдық берілмек.
Осыған орай, 25 — қазан Республика күні қарсаңында қаламыздағы ардагерлер арасында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен үстел тенисі, дойбы, шахмат, бильярдтан спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа 50-ден астам ардагерлер қатысып, жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бұдан бөлек, бүгінгі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі егде жастағы адамдардың үлесін арттыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде. Қазірде ардагерлердің әлеуметтік мәселелерін шешуге, медициналық, моральдық-материалдық тұрғыдағы жағдайлар ескеріліп тиісті жұмыстар атқарылуда. Осының дәлелі Шымкентте «Белсенді ұзақ өмір» орталығының әр ауданда бөлімшелері ашылып, өз қызметі ұсынуда. Онда зейнет жасқа жеткен азаматтарға 4 сағатқа дейінгі екі ауысымда ақысыз арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп келеді. Сонымен қатар, жалғызілікті зейнеткерлерге арналған 3 мезгіл ыстық тамағы қосылған 8 сағаттық жартылай станционар да жұмыс істейді. Қазіргі кезде онда 715 ардагер жартылай стационарда әлеуметтік-медициналық қызметтерді алуда. Орталықта 2019 жылы 15 түрлі қызмет көрсетілсе, 2021 жылдан бастап қызмет түрі 27-ге көбейді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында қазір таңда 85 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 4-і ҰОС ардагері болса, тыл еңбеккерінің жалпы саны 2 364 құрап отыр.