3,4,8 ШАҒЫНАУДАНДАРЫН ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРУДЕ
Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жақсарту ісіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Күні бүгінге дейін қалаға қарасты шағынаудандар мен елді мекендерде қыруар іс қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде өңірлердегі толғақты мәселелер шешімін тауып, тұрғындар сапалы электр жарығы, ауыз су және көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп жатыр.
Тарқатар болсақ, Шымкенттің Абай ауданына қарасты 3,4,8 шағын аудандарында 77 көп қабатты үй бар. Халық саны 15296 адамды құрайды. Бүгінде шағынаудандар, сапалы ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Шағын аудандардағы көшелерге толығымен асфальт жабыны төселген. Жарықтандырылған көшелер саны-3.Сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Жалпы жыл басынан бері Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында қыруар іс қолға алынып, жүзеге асырылған. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов айтқан болатын. Нақтырағы, «Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і немесе 96 пайызы мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен немесе 4 пайызы жекеменшік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады» деді аудан басшысы. Спикердің сөзінше, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, 97%-ды құрап отыр. 2022 жылы 5,2 млрд теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ауданның 8 елді мекені 115,9 мың адам немесе жалпы тұрғындардың 36 пайызы орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам немесе 64 пайызы кәрізбен қамтылмаған. Ал 2025 жылға дейін 59 пайыз орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде. Сонымен қатар аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда.
2021 жылға дейін ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді.