ТҮЙТКІЛДІ ТҮЙІН ШЕШІМІН ТАБУДА

99
0

Инженерлік инфрақұрылым саласының ішіндегі маңыздыларының бірі – жол. Күні бүгінге дейін Шымкент қаласына қарасты елді мекендер мен шағынаудандардың жол мәселесін шешу мақсатында қыруар іс қолға алынды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Абай ауданы аумағындағы Самал-3 шағын ауданының бірқатар көшелері орташа жөндеуден өтті.

Құрылыс жұмыстары аяқталған Момышұлы, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай және № 1,2,3,4 (тұйық) көшелерінің жалпы ұзындығы 2,06 шақырымды құрайды. Шағын ауданның көшелерінде тегістеу, нығыздау жұмыстары жүргізіліп, қалыңдығы 10 см құрайтын асфальт төселді. Қаламыздың ішкі орам көшелерін орташа жөндеуден өткізу ағымдағы жылы басты назарда. Басқарманың мәліметінше, бекітілген жоспарға сәйкес 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал Әл-Фараби ауданында ұзындығы 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр. Атап айтқанда Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделеді. МЖК шағынауданындағы Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы, 275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшесі, сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі, Желтоқсан және Іляев көшелерінің қиылысы Байтұрсынов көшесіне кіреберісі де бар. Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі. 195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және №1 көшелер. Самал-2 ш/а Жабай ата мен Мейірбеков көшесі. Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейін. Қазіргі сәтте, 275 орамда 4 көшеде, МЖК шағынауданында 3 тұйықта және 195 орамда 5 көшеде асфальт салу жұмыстары аяқталды. Жемісті жұмыстардың арқасындағы қаладағы жақсы және қанағаттанарлық көшелердің үлесі өсіп отыр.