МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ МАРАППАТТАЛДЫ

96
0
Шымкенттік ақ халатты абзал жандар мереке қарсаңында құрметке бөленді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынған болатын. Бүгінде «Тәуелсіздік күні» мен «Республика күні» ара-жігін ажыратылып, 25-қазанды «Республика күні» ұлттық мереке ретінде бекітілді. Осыған орай Шымкент қаласындағы медицина қызметкерлері арасында «Республика күні» Ұлттық мерекесі ұлықталып, арнайы салтанатты іс-шарасы  ұйымдастырылды.
Мерекелік шарада Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек сөз алып, барша қазақстандықтар мен медицина қызметкерлерін ұлық мерекемен құттықтады.
«Еліміздің тұғыры биік бола берсін. 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Сол уақытттан бері еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Медицина мамандарының қандай жағдай болмасын алдыңғы шепте қызмет етеді. Ақ халаттылардың еңбегі әрқашанда маңызды. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын»-деді басқарма басшысы құттықтау сөзінде.
Іс шараға медицина саласында ұзақ жылдар қызмет еткен ардагерлер де қатысты. Тарихи маңызды күнде кәсіби біліктілігімен көзге түскен бірқатар мамандар кеуделеріне медаль тағып, алғыс хат пен құрмет грамотасына ие болды.
Айта кету керек, бүгін Шымкенттегі “Көрме” орталығында қала басшысының қатысуымен Республика күні» ұлттық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік іс-шарада сөз алған қала басшысы Мұрат Әйтенов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, қалада атқарылған ілкімді істер төңірегінде айтты. Сонымен қатар, қала басшысы шаһардың дамуына елеулі үлес қосқан, әлеуметтік-экономикалық бағытында аянбай қызмет еткен бірқатар азаматтарды марапаттады.