АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫ АРТЫП ОТЫР

89
0

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығының дамуына айрықша назар аударылып келе жатыр. Себебі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету турасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып, арнайы тоқталған еді. Соңғы статистикалық деректерге қарасақ, үшінші мегаполисте аталған салада серпілістің барына көзіміз анық жетеді. Тарқатайық…

Соңғы 8 айда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласы бойынша экспортталған өнім көлемі 122,1 млн АҚШ долларын құрады. Былтырғы табыс 110,7 млн. болса, биыл 11,4 млн. АҚШ долларына артты. Қайта өңделген өнім эспорты — 108,5 млн АҚШ долларын немесе жалпы экспорттың 88,9 пайызды құрайды. Өнімнің 40 пайызы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, 60% өзге шет мемлекеттерге экспортталған. Ұн -111,4 мың тонна, өсімдік майы — 33,2 мың тонна, кебек- 39,0 мың тонна, макарон – 2,3 мың тонна, қауын, қарбыз- 1,7 мың тонна, пияз — 422,9 тонна, қырыққабат- 170,0 тонна, қызанақ- 96,0 тонна, шұжық-37,0 тонна, ет-260 тонна, жүн-753 тоннаны құрады. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Шымкентте ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту бағытында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылуда. Жалпы 1500 жұмыс орнындық 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске аспақ. Бүгінгі таңда аумағы 133 гектарды құрайтын аймақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүруде. Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады. Жалпы үшінші мегаполисте кәсіпкерлік сала қанат жайып келеді. Мәселен, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп 10,1%, өңдеу өнеркәсібі 11,1%, инвестиция 19,5%, ШОБ субъектілері 26,4 %, бөлшек сауда 14,9 пайызға өскен. Биыл өнім көлемі 856,9 млрд. теңге болады деп жоспарланған. 2022-2026 жылдар арасында 228 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болса, соның 50-і биылғы жылдың үлесінде. Оның ішінде инвестиция көлемі 52,8 млрд теңгені құрайтын 16 өнеркәсіптік жоба бар. Өңірлер арасында іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес саны бойынша Шымкент алғашқы орында, ЖӨӨ ШОБ үлесі бойынша үшінші орында, ШОБ-те адам саны бойынша төртінші орында болса, ШОБ өндірілген өнім көлемі бойынша алтыншы орынға тұрақтаған.