ШЫМКЕНТТЕ ЖРВИ МЕН ТҰМАУДЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

28
0

Қазақстанда эпидемиология саласы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары әлемді дүрліктірген пандемиялар мен жұқпалы аурулардың жиі таралуы эпидемиология саласының дамуына ерекше назар аударуды қажет етті. Қоғамдық денсаулықты қорғау, эпидемиялардың алдын алу және инфекциялық аурулармен күресу мақсатында Қазақстанда бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары күшейтілді. Вакциналау бағдарламаларының кеңейтілуі, жұқпалы ауруларды ерте анықтау және бақылау жүйесінің жетілдірілуі – саланың негізгі мақсаттары. Бүкіл әлемде үлкен зардаптар әкелген COVID-19 пандемиясы инфекцияларды бақылаудың маңыздылығын көрсетті, сондықтан Қазақстанда вакциналау жүйесі тұрақты түрде жаңартылып, жаңа инфекцияларға қарсы вакцина әзірлеу жұмыстары қолға алынуда.

Эпидемиология саласы жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша түрлі профилактикалық шараларды қолданады. Қазақстанда халық арасында санитарлық-гигиеналық тәрбие жұмыстары жүргізіліп, жұқпалы аурулар туралы ақпарат таратылуда. Мектептерде, денсаулық сақтау мекемелерінде профилактикалық шаралар туралы білім беру бағдарламалары енгізілуде, бұл болашақта аурулардың алдын алу шараларын жетілдіруге көмектеседі. Елде жұқпалы аурулар туралы ақпараттарды жинау, талдау және қадағалау жүйесі жасақталған. Арнайы эпидемиологиялық орталықтар халық арасында инфекциялық аурулардың таралуын қадағалап, деректерді үнемі жаңартып отырады. Бұл аурулардың таралу деңгейін анықтап, оларды алдын-ала бақылау үшін маңызды. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен әріптестік орнатып, аурулар туралы мәліметтер алмасу жүргізілуде. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы елдегі денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған бұл бағдарлама эпидемиология бағытындағы маңызды шараларды қамтиды. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі – инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды азайту, профилактика шараларын күшейту. Эпидемиологиялық қызметті дамыту арқылы инфекцияларды ерте кезеңінде анықтау және бақылау жүзеге асырылады. Қазақстанда ұлттық вакциналау бағдарламасы бойынша әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы егу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда мемлекет инфекцияның алдын алу үшін бірқатар вакциналарды тегін түрде ұсынады. Бұл бағдарлама балалар мен ересектер арасындағы жұқпалы аурулардың төмендеуіне ықпал етеді. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және басқа халықаралық денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, инфекциялық аурулардың алдын алу және олармен күрес бойынша тәжірибе алмасып отырады. Бұл еліміздің эпидемиология саласындағы тәжірибесін дамытып, жаһандық денсаулық сақтау жүйесіне ықпал етеді. Эпидемиология саласында зертханалық диагностика маңызды рөл атқарады. Қазақстанда инфекциялық ауруларды анықтау үшін заманауи зертханалық жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық орталықтар құрылған. COVID-19 пандемиясы кезінде зертханалардың маңыздылығы арта түсті, себебі ауруды дер кезінде анықтау үшін зертханалық тестілеу жылдам және дәл жүргізілуі тиіс. Эпидемиология саласында ғылыми зерттеулер мен вакциналарды жетілдіру жұмыстары маңызды рөл атқарады. Қазақстандық ғалымдар жаңа жұқпалы ауруларға қарсы зерттеулер жүргізіп, инфекциялардың алдын алуға арналған шараларды дамытуда. Мысалы, отандық QazVac вакцинасы елде алғаш рет жасалып, COVID-19-ға қарсы күресте қолданылды. Елде жұқпалы аурулардың таралуына жедел әрекет ету мақсатында эпидемиологиялық топтар құрылды. Олар инфекцияның ошағын анықтап, оны оқшаулау шараларын қолданады. Бұл топтар аурудың таралуын тежеуге және инфекцияны жоюға бағытталған. Қоғамдық денсаулық сақтау орталықтары: Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау орталықтары ашылып, олар халық арасында эпидемиология саласы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл орталықтар профилактика шаралары туралы ақпарат таратып, халықты дұрыс санитарлық-гигиеналық тәртіпке үйретуде. Халық арасында эпидемиологиялық қауіпсіздік туралы ақпарат тарату арқылы жұқпалы аурулардың алдын алуға болады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау ұйымдары әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұқпалы аурулардың алдын алу туралы мәліметтерді үнемі жариялап отырады. Қазақстанда эпидемиология саласын дамыту халықтың денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік бағдарламалар, халықаралық әріптестік, зертханалық диагностиканың заманауи әдістері және ғылыми зерттеулердің кеңеюі эпидемиологиялық жағдайды бақылауда маңызды рөл атқарып келеді. Қазақстанның эпидемиология саласындағы жетістіктері болашақта жұқпалы аурулардың алдын алып, халықтың денсаулығын сақтау мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие. Осы орайда, жуырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз брифингін өткізген болатын. Оның сөзінше,  2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке медициналық кітапшалар тек электрондық нысанда беріледі және жүргізіледі. Бұл өзгеріс 2024 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен енгізілді. Жаңа ереже бойынша, электрондық жеке медициналық кітапшалар (ЖМК) жұмысқа жіберу туралы белгімен беріледі және қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) мен медициналық ұйымның QR-коды арқылы куәландырылады. ЖМК-ны берумен тек медициналық қызметке лицензиясы бар және ақпараттық жүйелерде тіркелген медициналық ұйымдар айналысады. Міндетті медициналық қарап-тексеруді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісі басшысының шешімімен ЖМК жүргізуге жауапты тұлға тағайындалады, әдетте бұл терапевт дәрігер болады. Электрондық кітапшалар мемлекеттік ақпараттық жүйелермен синхрондалып, қажетті деректер автоматты түрде көшіріледі, ал жоқ болған жағдайда олар қолмен енгізіледі. Жаңа жүйе медициналық тексеру процесін оңайлату және деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетованың айтуынша, маусымдық аурулардың бірі болып саналатын жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың жағдайы қалалық деңгейде салыстырмалы түрде тұрақты. 2024 жылдың алғашқы 9 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ аурушаңдығы 8,1%-ға төмендегенімен, тұмау жағдайлары керісінше 1,66 есеге өскен. Дегенмен, 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусымда тұмаудың расталған түрлері әлі тіркелмеген. ЖРВИ жағдайларының арасында биыл тұмау емес вирустардан 8 жағдай тіркелсе, өткен маусымда бұл көрсеткіш 16 болған. 2023-2024 жылдардағы эпидемиологиялық маусымда 139 тұмау жағдайы анықталды, оның 138-і A (H3N2) түрінен және 1-і B түрінен болды. Тұмаудың алдын алу мақсатында биылғы эпидемиологиялық маусымда жергілікті бюджет есебінен тәуекел топтар үшін 150 000 доза «Гриппол +» вакцинасы сатып алынған. Қазіргі уақытта 118 879 адам тұмауға қарсы екпе алған. Бұл шаралар тұмау мен ЖРВИ ауруларының таралуын азайтуға бағытталған. 2024 жылдың басынан Шымкент қаласындағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы тұрақты болып келгенімен, соңғы айларда ауру деңгейінің көтерілуі байқалады. Жыл басынан бері COVID-19 инфекциясымен 95 жағдай тіркелді, оның ішінде 23-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Симптомсыз науқастар тіркелмесе де, симптомды жағдайлар саны өсуде. 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 3,4 есеге төмендегеніне қарамастан, індет ошақтары ұйымдасқан ұжымдар мен үй ошақтарында тіркелген. Барлық ошақтарда індетке қарсы іс-шаралар жүргізілуде, байланыста болған адамдар медициналық бақылауға алынған, ал олардың арасында ауру жұқтырғандар анықталған жоқ. Науқастарды ерте анықтау және аурудың таралуын болдырмау мақсатында 693 зертханалық тексеру жүргізіліп, олардың 13,7%-ы оң нәтиже берген.