ТҰРАНДА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ
Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Тұран ауданы жұмыспен қамту бөлімшесінде «Ашық есік» күні өтті.
Аталмыш шараның мақсаты кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру. 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын орындау үшін әзірленген Жол картасы аясында жастарға жеке ісін ашу үшін жағдайлар жасау.
Маңызды шара аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастарды шағын несиелеу бағдарламасына қатысу яғни жастарға арналған жеңілдетілген 2,5% несие бойынша түсіндіру және несиелеу шарттарымен таныстырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік грант беруді ақпараттандыру.
Іс-шараға, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Нарбекова Балмаржан Полатқызы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Айтбаев Ерлан Садырбайұлы, Шымкент қалалық «AMANAT» партиясының Фракция жетекшісі – Имашев Қайрат Есенбекұлы қатысып, Тұран ауданы жұмыспен қамту бөлімшесінің жұмыс барысымен танысып, өз кәсібін ашуға ниетті жастармен сұқбаттасты.
Сондай-ақ, қаламыздың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бітіруші түлек студенттерін жұмыспен қамту мақсатында тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы мемлекеттік қолдау шараларына қатысу туралы кеңес берілді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында бірнеше әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Олар, қайтарымсыз негіздегі грант беру, жастарға жеңілдікпен микрокредит беру, еңбек нарығының сұранысына сәйкес тегін кәсіби оқыту. Грант беруде аз қамтылған отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері және көп балалы отбасы мүшелеріне басымдықпен беріледі. Биыл 2023 жылға 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру және 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 261 жастарға 2,5% жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып отыр.