ШЫМКЕНТ: ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі 2022 жылғы 21 тамыздағы «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» №278 бұйрығына сәйкес, бөлшек саудада өткізетін мұнай өнімдерінің шекті бағалары белгіленген.

Ол бойынша, АИ-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге (Шымкент қ. – сатылымда жоқ), АИ-92 маркалы бензин – 1 литр үшін 182 теңге (Шымкент қ. –  173 теңге), АИ-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 182 теңге (Шымкент қ. –  173 теңге), дизель отыны – 1 литр үшін 230/450 теңге (Шымкент қ. – 230/450 теңге) белгіленген. Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде 1 литр үшін 230 теңгеден, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткенде тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде 1 литр үшін 230 теңгеден саудалануда.

Қарап отырғанымыздай, Шымкент қаласында  жанармай құю бекеттерінде жанармай  бағалары Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен бағадан төмен сатылуда. Бүгінде қала аумағында 191 жанар-жағармай бекеттері мен 9 мұнай базалары белсенді жұмыс жасауда. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Шымкент қаласында  жанар-жағармай бағасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы 2022 жылғы 21 қаңтарындағы өкіміне сәйкес, жанар-жағармай бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында автожанармай құю станциясындағы бағаларға күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы жанар-жағармай бекеттері желілерінде АИ-92 маркалы бензин литрінің орташа бағасы 173 теңге, АИ-95 — 207 теңге, АИ-98 — 227 теңге, дизель отынының орташа бағасы 230/450 теңгені құрап отыр. Жанар-жағармай  бағасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамымен бірлесіп, бағаның өсуіне жол бермеу үшін күнделікті мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ, қала аумағында бүгінгі таңға 14 300 тонна АИ-92 маркалы бензиннің және 14 300 тонна дизель отынының қоры сақталуда. Осылайша, АИ-92 маркалы бензиннің қоры 17 күнге (бір күндік тұтыну – 838 тонна, бір айлық тұтыну – 26 000 тонна), дизель 32 күнге (бір күндік тұтыну – 452 тонна, бір айлық тұтыну – 14 000 тонна) жетеді.