ТЫҢ БАСТАМАНЫҢ АРҚАСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ АЗАМАТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

96
0

Шымкент қаласында кезекті «Заң керуені» акциясы Абай ауданында өтті. Республикалық акция шеңберінде Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев, Абай ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы, аудан әкімі Бұхарбай Парманов және көшпелі мобильді топ өкілдері тұрғындардың мәселесін тыңдап, құқықтық және заңгерлік кеңестерін берді.

– Бүгін халықпен тікелей кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтардың өз аузынан естіп жатырмыз. Тұрғындар жерді заңдастыру, әлеуметтік төлем, құрылыс, қоғамдық көлік және тағы да басқа салаларға қатысты өзекті мәселелерін жеткізуде. Заңсыздықтар орын алып жатқан болса, осында жиналған құзырлы органдар мен мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірлесе мәселені шұғыл шешуге мүмкіндік бар. Кейбір азаматтарға заң талаптары жөнінде түсіндіріліп, құқықтық кеңестер беріліп жатыр, — деді қала прокурорының бірінші орынбасары. «Заң керуені» акциясы бүгін, яғни 4 қараша күні өз мәресіне жетіп отыр. Абай ауданында акция барысында 500-ге жуық тұрғынға заңгерлік, құқықтың кеңес беріліпті. Осы іс-шара барысында шешімін таппаған мәселелер Шымкент қаласы прократурасының бақылауына алынып, зерделеу жұмысы жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады. Сонымен қатар Шымкент қаласы прокуротурасында азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Кез келген азамат осы орталыққа барып, кезекші прокурорға өзінің талап-тілектері мен шағымын жеткізе алады. Қала прокуроры мен орынбасарлары бекітілген кесте негізінде азаматтарды күнделікті қабылдауға дайын.

Айта кету керек, ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан бұл акцияның мақсаты – жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.