«HALYK BANK» ҚОСЫМШАСЫ МҮЛІКТІ КЕПІЛДЕН ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІН ЖЕҢІЛДЕТТІ

111
0

Шымкенттіктер мүлікті кепілден шығару үшін Halyk Bank қосымшасын қолдана алады, деп хабарлайды Uakit.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank –пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады. Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару үшін «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында өтінімді рәсімдеп, төлем жасау қажет. Қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартылды. Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды. Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, жүргізуші куәлігін алу/ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті қызметтерді банк қосымшалары арқылы онлайн алу жүзеге асырылды.

Бұдан бөлек, мобильдік қосымшалардың шарапатын Шымкенттіктер жүргізушілер де көруде. Бұдан былай олар жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыра алады. Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай ақ eGov.kz порталы арқылы онлайн жасауға немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алатынын мүмкіндіктеріңіздің барын естеріңізге саламыз.
Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына немесе банк қосымшасына кіріп, өтінішті толтыру қажет. Ары қарай керекті автоХҚО-ны таңдап, электронды цифрлық қолтаңбамен өтінішті растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. SMS хабарлама келген соң таңдаған автоХҚО-ға барып, дайын жүргізуші куәлігін алып кетуге болады.
Егер жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 073-нысандағы медициналық анықтаманы ұсыну қажет. Жыл басынан бері Шымкенттік автоХҚО-лары арқылы 80 мыңға жуық жүргізуші күәлік беріліп ауыстырылды.