СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 2-қарашасында Түркістан қалалық балалар ауруханасында «Сейсмикалық жаттығуларды дайындау және өткізу» тақырыбында жиналыс өтті,-деп хабарлайды uakit.kz Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.
Жиынды Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырды. Жиналыс барысында аурухана қызметкерлеріне сейсмикалық оқу-жаттығуды өткізу тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар арнайы әзірленген жадынама таратылды.
Шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.
Аталған бұйрық негізінде халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларының жалпы ережелері «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-13) тармақшасына сәйкес әзірленген. Құжат халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту тәртібін айқындайды.