ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАБЫ — САПАЛЫ ЖОЛ

107
0

Елімізде көшелерді жарықтандыру ісі бойынша көптеген игі бастамалар көтеріліп, жүзеге асырылуда. Күні бүгінге дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көптеген көшелерге жарымшамдар орнатылды. Саладағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта да жұмыс қарқыны артып, жарықтандыру жалғасады. Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында 2021 жылы 71 көше жарықтандырылған болатын.

Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 140 көшеге жарықшам орнатылды.  Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары  жарықтандырлған көше саны 410-ға жететін болады. Бұдан бөлек, аталған аудан аумағындағы көшелер саны – 1025 және ол 1034 шақырымды құрайды. Оның ішінде магистралды — 28 көшенің жалпы ұзындығым 145,4  шақырымды құрайды. Ішкі орамдық — 997 көшенің жалпы ұзындығы 889,3 шақырымнан асып жығылады. Сапасына келсек, 651 көше немесе 63,4 пайызы асфальт жол. 352 көше немесе 34,8 пайызы тас жол. Топырақ жолдардың саны 22 немесе жалпы көрсеткіштің 2,14 пайызына тең. 2022 жылы 56 шақырым жол пайдалануға берлетін болады. Жалпы 39 жобаға құны 2,4 млрд.теңге қаралған. Ал қалаға қарасты Әл-Фараби ауданына ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы немесе 71,5 пайызы асфальт, 181 шақырымы немесе 25.8 пайызы тас, 19 шақырымы немесе 2.7 пайызы топырақты құрайды. Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтырғы жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді . Оның жалпы ұзындығы 57,7 шақырымды құрайды. Жалпы ағымдағы жылғы нәтиже былтырғы көсеткіштен жоғары, жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Оның ішінде, 131 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, 1 көшені жөндеу жұмыстары басталғалы тұр. Сайрам су көпіріне баратын жолға көпір құрылысы толық аяқталғаннан кейін асфальт қабаты төселетін болады. Айта кету керек, биыл үшінші мегаполисте қала орталығындағы емес, шалғайда жатқан елді мекендер мен шағынаудандардың ішкі орамдық көшелерін жөндеу ісіне айрықша назар аударылып отыр. Қазіргі уақытқа дейін бірқатар өңірлерде құрылыс жұмыстары да аяқталып қалды. Нәтижесінде қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі арта түсуде. Аталған бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын тілге тиек ете кетейік.