АБАЙ АУДАНЫНДА 222 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛЫП, 56 СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНҒАН

111
0

Оқырман қауымның жадында болса, бұған дейін ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасы турасында жазған едік. Енді міне аталған тың бастама Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында да өзінің оң нәтижесін көрсетіп отыр. Аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, пандустар қою, арықтар салу және жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, ойын және жаттығу алаңдарын құру, онда жабдықтар орнату секілді жұмыстарды жүзеге асыруға ықпал ететін жоба аясында ауданда 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынған.

Жалпы Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Жоғарыда аталған жоба аясында 2021 жылы  7 жоба яғни 7 үй ауласы абаттандырылған болатын. Жоба құны 186,5 млн. теңгені құрайды. 2022 жылы 32 жобаға 5 үй ауласы 27 елді мекенде спорт алаңшалары орнатылды. Жоба құны 956,1 млн.теңге болып табылады. Ал 2023 жылға 25 жоба сметалық есептер әзірленуде. Жоба құны – 625,3 млн.теңге.  Жалпы Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындар ұсынысымен өткен жылы 41 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды. Биыл ІІ кезеңмен 73 көпқабатты және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы тұрғызылуда. Жобаға енген «Базарқақпа» тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесінде орналасқан 7 көпқабатты үйдің ауласындағы жұмыстар барысымен танысуға М.Әйтенов арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Абаттандыру жұмыстарымен қоса балалар ойын және тренажер алаңшасы салынатын аула жұмыстары қараша айының соңына дейін толық аяқталатын болады. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасының үлесі жыл сайын артып келеді. Мәселен Әл-Фараби ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 4 есеге артқан. Ауданды өткен жылы 14 үйдің ауласы абаттандырылған болса, биыл 59 жобаға қаржы бөлінді. 50 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 ашық спорт алаңшасы салынбақ. Аталған жоба халық арасында кең қолдау тапқан. Бүгінде тұрғындар тұрғын үйлерді абаттандыру, көгалдандыру, спорт және балалар ойын алаңшаларын салу сынды ұсыныстармен жиі жүгінеді. Белсенділік танытқан азаматтардың үсыныстары жерде қалған емес. Бүгінге дейін ондаған жоба ұсыныс аясында жүзеге асты. Бастама алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.