МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

118
0

Шымкент қаласында әлеуметтік бастамалар жемісті нәтиже көрсетіп келеді. Бүгінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан түрлі бастамалар көтеріліп келеді. Нәтиже де жоқ емес. Бүгінде басқармаға қарасты мекемелердің жұмысына қатысты оң пікірлер жиі айтылады. Бүгінгі материалымызда міне сол мекемелер турасында тарқата жазуды жөн санап отырмыз.

Қазіргі уақытта №1,2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сіне 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға арналған орталыққа бүгінгі таңға 52 адам кезекте тұр. Психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек адамдарға қосымша №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан 50 орындық ғимарат салуға ұсыныс беріліп, бүгінгі таңда құрылыс басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. 150 орындық жаңа оңалту ортылығын салу мақсатында типтік жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Қалалық құрылыс басқармасы тарапынан мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Бұдан бөлек, «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама жасау үшін мемлекеттік сатып алудан «МПК Проект» ЖШС жеңімпаз аталынып,  келісімшарт түзілген. Жұмыстарын орындауға 4 ай уақыт берілген. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама жасау құжаттар дайындау бойынша жұмыстары жүргізілуде.

Мекемелерге келсек, «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» стационарда 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 225  қызмет алушыға қызмет көрсетілуде. «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» стационарда 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар 245 қызмет алушы тіркелген. «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын» уақытша болу жағдайында, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 35  қызмет алушы 11 ана, 24 бала  паналауда. «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» жартылай стационар 441 азамат қабылданған. «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» Жартылай стационар 109 қызмет алушы тіркелсе, «№6 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» Психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды стационар 130 қызмет алушы мен жартылай стационар 88 адамға қызмет көрсетіп жатыр. «№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» 822 адамға үйде қызмет көрсетіп жатыр. Бұдан бөлек, «Аутизм және басқа да ментальды бұзушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ «Қамқорлық қоры» тарапынан бекітілген бред букке сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңға 45 штат бекітіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңға қажетті құрал жабдықтармен жиһаздардың 70%-ы келіп орталыққа орналастырылды.