ПАТРИОТТЫҚ РУХ — ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

186
0

Шымкенттік жалында жастар бойында патриоттық рухы жоғары, намысты да қайсар мінезді азаматтармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Uakit.kz. 
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Патриоттық рух — қоғамның басты құндылығы» атты тақырыбында кездесу өтті.
Жастар Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда желдің әсерінен болған апат кезінде көк туымызды шатыр астынан алып шыққан Әбілқайыр Дәулетовпен кездесті. Кездесудің мақсаты жастарды  — Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету болып табылады.
Кездесуде бүгінгі күннің батыры жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру мәдениетін ғана танып білуге емес, сонымен қатар құрметтеуі тиіс деген пікір айтылды. Әбілқайыр Дәулетов жиын барысында жастарға өзінің ақыл-кеңесін айтып, ұлттық патриотизмді насихаттау ісіне әрбір азаматтың үлес қосуы тиіс екенін жеткізді.
Естеріңізде болса, Шымкентте футболдан «Ордабасы» мен «Ақсу» командалары арасындағы өткен матч кезінде қатты дауылдың салдарынан стадионның шатыры ұшқан болатын. Құлаған шатыр астынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туды алып шыққан жігіттердің видеосы желіде кең тарап, жігіттер желі қолданушылардың жылы ықыласына бөленген болатын. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесуінде Қазақстан туын қирандылардың астынан алып шығуға атсалысқан жергілікті тұрғындарды марапаттады. Сонымен қатар ерлік көрсеткен азаматтарды көпке үлгі етіп, үлгі алу керегін айтты.