БIРЛIГIМIЗ БАЯНДЫ БОЛҒАЙ!
Осыдан 17 жыл бұрын, яғни 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы өзiнiң Конституциясын жалпыхалықтық референдумда қабылдап, келешекке кемел қадам басты. Бүгiнде бiрлiгi мен тiрлiгi жарасқан елiмiзде адам өмiрi, құқығы мен бостандығы, ар-ожданы мен қадiр-қасиетi жоғары құндылық болып саналады. Қазiргi қолданыстағы Ата Заңымыз мемлекетiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына, өзге елдермен иық тiрестiре алатындай межеге жетуiне мүмкiндiк бердi. Конституция Қазақстан азаматтарының игiлiгiне жұмыс iстеп қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына, таңдау еркiндiгiне, болашаққа тұрақты көзқараста болуына жағдай жасайды.
Жыл сайын Конституция мерекесiмен тұспа-тұс келетiн бiрiншi қыркүйек — Бiлiм күнi қай-қайсымызға да жағымды естелiк сыйлары сөзсiз. Егемен елiмiздiң болашағының тiрегi — бiлiм. Сондықтан да бұл мейрамның да маңызы ерекше.
Құрметтi шымкенттiктер! Сiздердi осы айтулы мерекелермен бар ықыласыммен құттықтаймын! Тұрақтылық пен дамудың кепiлi болған негiзгi Заңымыз — Конституция күнi әрқайсымыздың үйiмiзге шат-шадыман көңiл күй сыйласын.
Ата Заңымыз ардақ алып, елiмiз еңселi болсын.
Ербол САДЫР,
ОҚО экономика және бюджеттiк
жоспарлау басқармасының бастығы.