АЛМАТЫДА ОҚЫС ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ

Алматыда оқыс оқиға орын алды. Тарқатсақ, 26 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, оқиға орнында көз жұмды.
Оның суреті әлеуметтік желіде тарады.
Ондағы мәлімет бойынша, қайғылы жағдай Бостандық ауданында орналасқан « Өркен» тұрғын үй кешенінде болған.
Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.
— Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету») бойынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. 26 жастағы жігіттің өлімінің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.