ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҚҰДЫҚҚА ТҮСІП КЕТКЕН ЖІГІТТІ ҚҰТҚАРДЫ
Ағымдағы жылы Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйдің ауласындағы құдыққа 20 жасар жігіт түсіп кетеді. Оқыс жағдайдан абдырап қалған жігіттің жақындары тез арада телефон алып, құтқару қызметін шақырады.
Бұл туралы хабарлама Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші пультіне түскен бойда, құтқарушылар едел-жедел жиналып, оқиға орнына бет алады. Құтқарушылар барған кезде 20 жастағы жігіттің құдіқ ішіне су ағызу үшін түскені анықталған. Оқыс жағдайға душар болған азамат құдықтан шығырылды. Оқиғадан зардап шеккендер болмады. Төтеншеліктер бұл оқиғаданқ ұылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық фактілері орын алмағанын алға тартады.