ОҚИҒА ӨРТКЕ ҰЛАСПАДЫ
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде өрт сөндіру қызметіне Түркістан қаласы, Қ. Мұңайтпасов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің ауласында баллондар жанып жатқаны туралы хабарлама түседі.
Бұл туралы хабарлама Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші пультіне келіп түскен соң, өрт сөндірушілер өрт сөндіру автокөліктерімен оқиға орнына шығып, тұрғын үйге бес минутта жетеді. Өрт сөндірушілер жеткен кезде үй ауласында ауданы 3 шаршы метр аумақта күл-қоқыстың жанғаны және баллон шиналары өртенгені анықталған. Өрт қызметі жеткенше күл-қоқыс пен баллон шиналарын тұрғындар өз күшімен сөндірген. Оқиға өртке ұласпады. Десе де құтқарушылар қоқыстарды үй маңында өртемеуді ескертеді.